Академиялық саясат және басқару бағыты академиялық қызметтің түрлі мәселелері бойынша саясаттарды, стратегиялар мен нормативтік құжаттарды әзірлеу және іске асыруды үйлестіреді.
Құжат Қазақстан Республикасы мен әлем үшін ғалымдарды, академиялық мамандарды, басқарушылар мен кәсіпкерлерді даярлаудың мақсаттары мен негізгі қағидаттарын айқындайды.
Құжат студенттердің оқу қызметінің кең ауқымын, соның ішінде курстық жұмыстарды, емтихандарды, топтық жұмыстарды, презентацияларды, диссертацияларды, дипломдық жұмыстар мен жобаларды бағалаудың мақсаттары мен қағидаттарын айқындайды.
Құжат оқытушылар мен оқытушы-зерттеушілерді оқытушылық шеберлігі үшін марапаттарға ұсынуға қойылатын талаптар мен критерийлерді белгілейді. Сондай-ақ ол Назарбаев Университетінің Оқыту және білім беру комитетіне оқытушылардың, оқытушы-зерттеушілердің, нұсқаушылар мен оқытушы ассистенттерінің үздік жетістіктерін тануға көмектеседі.
Бұл құжат Университет қауымдастығына жасанды интеллектіні оқыту және білім беру мақсаттарында қалай қолдануға болатыны және оны қандай қағидаттарға сәйкес пайдалану керектігі жөнінде нұсқаулық береді. Осы тұрғыдан алғанда, құжат Назарбаев Университеті қауымдастығы қабылдаған ортақ тәсілді айқындайды. Құжатты Назарбаев Университетінің Оқыту және білім беру комитеті және Академиялық кеңесі мақұлдаған. Онда жасанды интеллектіні қолданудың негізгі қағидаттары айқындалып, мектептерге енгізуге ұсынылатын тәжірибелер берілген, сондай-ақ жасанды интеллектіні пайдалануды көрсету және тиісті түрде атап өту жөніндегі озық тәжірибелер туралы ақпарат ұсынылған.
Құжат академиялық стандарттарды белгілейді және академиялық бағдарламаларды әзірлеу, іске асыру және қайта қарау бойынша университеттік деңгейдегі нұсқаулықтарды айқындайды.
Толығырақ
Академиялық сапаны арттыруға (Academic Quality Enhancement, AQE) қатысты қандай да бір сұрақтарыңыз немесе мәселелеріңіз болса, AQE қызметіне хабарласыңыз.
Назарбаев Университетінің ішкі нормативтік құжаттар репозиторийі қолданыстағы және күшін жойған барлық ішкі нормативтік құжаттар мен бұрын қабылданған ішкі нормативтік құжаттар жарияланатын ресми ақпараттық ресурс болып табылады.