NU Инновациялық оқыту және білім беру орталығы (CiLT) постдокторанттар қауымдастығын 2023 жылдың қазан айында құрды.
Ай сайын өткізілетін бұл форум постдокторанттарға кәсіби қызметіндегі ең өзекті мәселелерді ортаға салып, оларды бірлесіп шешуге мүмкіндік береді. Талқылау тақырыптарын постдокторанттардың өздері таңдайтындықтан, қарастырылатын мәселелердің өзектілігі және ұсынылған шешімдерді тәжірибеде тікелей қолдану мүмкіндігі қамтамасыз етіледі. Осылайша, қауымдастық Университет аясында академиялық және кәсіби дамуға ықпал ететін өзара қолдау желісін қалыптастырады.