Инновациялық оқыту және білім беру орталығы туралы
Оқытушыларға білім берудің тиімділігін арттыруға бағытталған шығармашылық шешімдер ұсынуға қолдау көрсетеміз.
пайым
CiLT Назарбаев Университетінің жоғары білім берудегі оқыту мен білім алу саласында әлемдік деңгейдегі озық тәжірибе орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуды көздейді.
Орталық заманауи технологияларды тиімді қолдануға негізделген оқыту үдерісінде педагогика, оқу бағдарламаларын әзірлеу және білім алуды бағалау салаларындағы халықаралық озық тәжірибелерді ілгерілетеді.
Қазақстандағы серіктестік байланыстарды дамыту арқылы Орталық халықаралық тәжірибемен бөлісіп, еліміздің жоғары білім беру секторының әлеуетін арттыруға үлес қосады.
миссия
Инновациялық оқыту және білім беру орталығының (CiLT) бес миссиясы бар:

  • Университет көлемінде оқыту мен білім берудің жоғары сапасын қамтамасыз етуге бағытталған стратегияларды, саясат пен инфрақұрылымды дамыту.
  • Педагогикалық тәжірибені, оқу бағдарламаларын әзірлеуді, білім алуды бағалау тәсілдерін, сондай-ақ студентке бағдарланған және зерттеулермен ықпалдастырылған оқыту мен білім беруде технологияларды қолдануды жетілдіруге ынталандыратын және қолдайтын кәсіби даму мүмкіндіктерін ұсыну.
  • Оқыту мен білім беруге арналған инновациялық ресурстарды, соның ішінде онлайн оқыту ресурстарын әзірлеуге қолдау көрсету.
  • Оқыту мен білім беру тәжірибелеріне қатысты зерттеулерді дамытуға ықпал ету.
  • Қоғамдастықпен серіктестік орнату арқылы оқыту мен білім берудегі озық тәжірибелерді ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейде тарату.